Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева Қытайда өткен Shanghai Trophy ірі халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Olympic.kz.
Қысқа бағдарламада Тұрсынбаева екінші орын алған болатын. Еркін бағдарламадан Элизабет 116.85 ұпай жинап, үшінші сатыдан көрінді.
Қос сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 186.09 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл Элизабет Тұрсынбаеваның жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесі. Бірінші орында ресейлік Евгения Медведева, үшінші орында Оңтүстік Корея өкілі Ын Су Лим.