Астана, BAQ.KZ. Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында параллельді могул бәсекесі аяқталып, қазақстандық Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
"Іріктеу кезеңінен суперфиналға дейін жеңілмеген Колмаков алтын үшін тартысты жапондық Икума Хоришимамен кездесіп, 10:15 есебімен жол берді", - делінген хабарламада.
Жекелеген сында Павел Колмаков жүлдесіз қалған болатын.
Параллельді могулдан қола жүлдені франциялық Бенджамин Кавет иеленді.