Астана, BAQ.KZ. Словакияның Братислава қаласында каратеден Гран-при бәсекесі аяқталып, Қазақстанның кадеттер, жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамасы жалпы есебі 7 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
Оқи отырыңыз:
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы екінші орынға тұрақтады. Біздің құрама сапынан Ермұхаммед Мэлс, Әсемгүл Ердәулет, Николь Ценгел, Олжас Құлажан, Ілияс Бекзадаев, Самат Қадырханов, Диана Мұсабаековалар чемпион атанды.
Сондай-ақ, команда қоржынында 4 күміс пен 11 қола жүлде бар.
Словакияда өткен 39-шы Гран-при турнирінде Ресей құрамасы көш бастады.