Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ювяскюлде (Финляндия) фристайлдың могул түрінен Еуропа кубогының кезекті кезеңі басталды.
Қазақстан құрамасы алғашқы күні-ақ алтын медальмен марапатталды.
Бұл туралы Prosports.kz сайтында хабарланды.
Жарыста мәреге бірінші жеткен Анастасия Городко алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшы Еуропа кубогы кезеңіндегі өз басымдығын одан әрі арттырып жатыр. Финляндияда ол өз еншісіне тағы бір жеңіс жазды. Екінші орында - неміс Ханна Вессе. Үшінші орынды ресейлік Светлана Иванова иеленді.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық фристайлшы Олеся Граур 5-орынға тұрақтады.