Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

19 Қыркүйек 2019, 06:46
2279
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тайландта өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. 

55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Игорь Сон біріншіліктің күміс жүлдегері атанды. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 266 (120+146) келіні бағындырды. 

Бұл бәсекеде 294 келіні еңсерген Солтүстік Корея өкілі Ом Юн Чхоль бірінші орынды иеленді. Үшінші орында ирандық Абдулрахим әл Салима. Тағы бір қазақстандық спортшы Арлей Чонти бесінші орыннан көрінді. 

Өзгелердің жаңалығы