Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық көбейіп кетті. Бұл туралы Ranking.kz хабарлайды.
Қазақстанда қазірдің өзінде 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың саны 84,7 мыңға жетіп отыр. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 3,4% көп. Былтыр жұмыссыз жастардың саны 81,9 мың адам болған.
Бір жыл ішінде қалалық жерлерде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2 %-дан 4,3 %-ға дейін өсті. Ал ауылдық жерлерде керісінше, 3,4%-дан 3,2%-ға дейін төмендеді.
Жұмыссыз қыздар мен ұлдар Алматы және Алматы облысында тұрады: тиісінше, 16,8 мың және 8,9 мың адам. Сондай-ақ, анти-лидерлер қатарында Түркістан облысы (7,3 мың адам), Шығыс Қазақстан облысы (7,1 мың адам) және Нұр-Сұлтан (6 мың адам) қаласы бар.
2019 жылдың 3-тоқсанның соңындағы жағдай бойынша, 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз жастар арасында 31,4 мыңнан астам адам немесе 37,1%. Жоғары білімді - олардың саны жылына 6,9%-ға өскен. 4,1 мың жұмыссыз жастар немесе 4,8% аяқталмаған жоғары білімге ие.
15-28 жас аралығындағы жұмыссыздардың көпшілігі орта кәсіптік (арнаулы) білімге ие: 33,6 мың адам немесе 39,7%.
Бастауыш кәсіптік және орта жалпы білімі бар ұлдар мен қыздардың үлесі тиісінше 2,4% және 14,4% құрады.