Қазақстанда жалдамалы баспана қымбаттады

7 Ақпан 2019, 17:15
2352
Бөлісу:
Қазақстанда жалдамалы баспана қымбаттады

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар айында жалдамалы пәтердің құны 1 шаршы метр үшін 1,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың желтоқсан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5% жоғары. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды. 


Түркістан мен Талдықорғанда жалдамалы баспана бір ай ішінде сәйкесінше 15% (1 ш.м. үшін 1,7 мың теңгеге дейін) және 5,3% (1 ш.м. үшін 1,2 мың теңгеге дейін)қымбаттаған. Сонымен қатар, Тараздағы жалдамалы пәтердер 2,8%, Астанада - 2%, Ақтөбеде - 1,2% және Оралда - 1,1% қымбаттады. Басқа өңірлерде қаңтар айында баға өзгере қойған жоқ.

Әйткенмен, жаңа пәтердің 1 ш.м үшін сату бағасы 0,6% қымбаттап, 277,4 мың теңгені құраса, қайта сату бағасы 0,3% жоғарылап, 189,1 мың теңгені құрады. 

Жаңадан салынған пәтерлер көбіне Оралда (6%, 1 ш.м. үшін 156,2 мың теңгеге дейін), Алматыда (1,6%, 1 ш.м. үшін 332,5 мың теңгеге дейін), Көкшетауда (0,9%, 1 ш.м. үшін 194,1 мың теңгеге дейін) және Шымкентте (0,4%, 1 ш.м. үшін 318,7 мың теңгеге дейін) қымбаттаған.
Өзгелердің жаңалығы