Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жылына қуаттылығы 240 миллион инкубациялық жұмыртқа шығаратын асыл тұқымды құс шаруашылығы репродукторы инкубациялық жұмыртқа өндірісі бойынша ТМД-дағы ең үлкен жоба болмақ.
Құс етіне сұраныс жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2019 жылы Қазақстанда құс етін тұтыну деңгейі – 373 000 тонна болған. 2020 жылы бұл көрсеткіштің 395 000 тоннаға жететіні болжанып отыр.Бройлер балапандардың болашақ буынының балапандары құс фабрикасындағы инкубациялық жұмыртқалардан шығады. Инкубациялық жұмыртқа – құстың өміршең тұқымын алу мақсатында шығарылатын тауықтың жұмыртқасы.
Сонымен қатар, балапандардың тәуліктік тұқымын өсіру үшін Қазақстандағы салалық кейбір құс фабрикалары инкубациялық жұмыртқаны шетелден әкеледі.
"Aitas kz" АҚ асыл тұқымды құс шаруашылығы репродукторы ТМД-дағы қуаттылығы жылына 240 миллион инкубациялық жұмыртқа өндіретін ең үлкен жоба болады. Әрі даму стратегиясын есепке ала отырып, құс шаруашылығы бағытындағы Топтың қажеттігін жабуға жол ашады.
Біз қоршаған ортаны жақсы жаққа өзгерту үшін бизнесті өркендете жұмыс жүргіземіз. Біздің тұтынушылардың, қызметкерлердің, серіктестердің мүддесі – міне, біздің күнделікті жұмысымыздың бағыт-бағдары осы. Күн сайын жүз мыңдаған адамның өмірін қалай жақсартамыз деген ойда жүреміз. Бұл келісімнің сәтті жасалғанына өте қуаныштымыз. Осының нәтижесінде қысқа мерзімнің ішінде құс шаруашылығы бағытын өзіндік жеке өндірісіміздегі инкубациялық жұмыртқамен қамтамасыз ете аламыз, - деді бас директор Серік Толықпаев.
Жеке инкубациялық жұмыртқа өзіндік құнды төмендетіп, өндірістің тиімділігін арттырады. Одан бөлек жеке өндіріс валюталық тәуекелдерді, тасымалдың тоқтап қалуын айналып өтіп, биоқауіпсіздікті қамтамасыз етеді.