Қазақстанда шай өндіру төмендеді

21 Қазан 2019, 22:07
14930
Бөлісу:
Қазақстанда шай өндіру төмендеді

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізде 11,5 мың тонна шай мен кофе өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,4% төмен. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

Жыл басынан бері шай мен кофеге деген сұраныстың 73,7% импорт қамтамасыз еткен. Яғни шетелден 25 мың тонна өнім кіргізілген, бұл өткен жылғыға қарағанда 6% жоғары. Өз өніміміз сұраныстың тек 26,3 пайызын ғана жапқан.
"Осы қыркүйек айынан бастап қара шайдың бағасы 5,8% өсіп, бір келісі 3 054,8 теңгені құраған. Бір жыл бұрын бұл баға 2 886,4 теңге шамасында болған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, еліміз бойынша шайдың ең жоғарғы бағасы Алматыда тіркелген, мұнда бір келі шай 3 390 теңге тұрады. Қарағанды мен Қостанай қалаларында да шай бағасы жоғары екені анықталды.
Өзгелердің жаңалығы