Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда салық түсімдері 14,5% артты

17 Қаңтар 2019, 09:32
2950
Бөлісу:

Астана, Baq.kz. 2018 жылы Қазақстанның республикалық бюджетіне салық түсімдері шамамен 8,2 трлн теңгені құрады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды. 


  2017 жылдың балама көрсеткішімен салыстырғанда (7,1 трлн теңге) төленген салық көлемі 14,5% артты. 
Көрсетілген мерзім ішінде Алматы – 1,9 трлн теңге, Атырау облысы – 1,4 трлн теңге, Астана – 1,1 трлн теңге салық төлеген. 

Маңғыстау облысы – 417,4 млрд теңге, Қарағанды облысы - 416 млрд теңге, Алматы облысы - 386,7 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 360,6 млрд теңге, БҚО – 303,6 млрд теңге, ШҚО – 303,2 млрд теңге, Павлодар облысы – 283,7 млрд теңге бюджетке міндетті төлем жасаған. 

Айта кету керек, бір жыл ішінде Түркістан облысы – 249,4 млрд теңге, Қостанай облысы – 164,1 млрд теңге, Ақмола облысы – 158,7 млрд теңге, Қызылорда облысы – 135,8 млрд теңге, Жамбыл облысы – 85,8 млрд теңге, СҚО – 78,6 млрд теңге, Шымкент (2018 жылдығ қыркүйек-желтоқсан айларында) – 62,8 млрд теңге салық төлеген.
Өзгелердің жаңалығы