Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отандық өнеркәсіптер мынға жуық дәрі-дәрмек өндіреді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты.
Мемлекетімізде фармацевтика өнеркәсібінде 89 өнеркәсіпорын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіреді. Оның ішінде дәрілік заттарды өндіру бойынша 33 медициналық мақсаттағы бұйымдар 41 және медициналық техника өндірісі бойынша 15 кәсіпорын жұмыс істейді. Дәрілік заттардың негзігі өндірісі Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысында орналасқан 10 кәсіпорынға тиесілі. Сонымен қатар, Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында бір-бір кәсіпорыннан бар, - дейді Аманияз Ержанов.Оның айтуынша, отандық кәсіпорындар мыңға жуық дәрі-дәрмек түрін шығарады.
Оның ішінде жедел респиарторлық аурулардың және олардың асқынуларын емдеуге бағытталған вирусқа және қабынуға қарсы антибиотиктер бар. Ыстықты түсіретін және вирусқа қарсы препараттардың негізгі өндірушілері - "Нобел АФФ" АҚ, "Абди Ибрахим Глобал Фарм" ЖШС. Олардың шығаратын дәрі-дәрмектері - азитромицин, құрамында парацетамол бар препараттардың дәрісі миллиондап өндіріледі, - дейді вице-министр