Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғашқы жарты жылда 117,1 млрд теңгенің дайын металл бұйымдары өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға артық, деп жазды energyprom.kz.
Нәтижесінде өнеркәсіптік өндірістің индексі бірден 119,8 пайызға өсті, бұл өндіріс көлемінің өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артқандығын білдіреді. Дайын металл бұйымдар өнімінің жартысынан астамын еліміздің төрт өңірі өндірген. Өндіріс көлемі жағынан Павлодар облысы көш бастап тұр. Мұнда 18,8 млрд теңгенің металы шығарылды. Екінші орында Қарағанды облысы - (17,7 млрд тг), үшінші - Алматы қаласы (12,9 млрд тг) және төртінші орында - Маңғыстау облысы (11,5 млрд тг).Нұр-Сұлтан қаласы (екі есе), Ақмола (+89,9% ақшалай) және Атырау (+84,6%) облыстарында да өсім байқалады.
Дайын металдар өндірісі ішінде қара металдан жасалған бұйымдар мен металконструкциялар көлемі артқан. Ал радиатор, мұнай өнеркәсібіне қажетті резервуарлар өндірісі керісінше кеміген.