Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді

16 Шілде 2019, 14:40
1711
Бөлісу:
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 6 айында көлік қызметтерінің көлемі 5,3%-ға артты. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,7%-ға өсті және 286,3 мың ЖФЭ құрады (2018 жылдың қаңтар – маусым айларында-206,4 мың ЖФЭ).

ҚХР-ЕО-ҚХР бағыты бойынша бұл көрсеткіш 26,4%-ға өсіп, 143,4 мың ЖФЭ құрады (2018 жылғы қаңтар-маусым – 113,4 мың ЖФЭ). Ағымдағы жылдың соңына дейін 900 мың ЖФЭ-ге дейінгі мөлшерде контейнерлік жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында hеспубликалық маңызы бар 4,4 мың км автожол салу және қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылды. Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша "Орталық-Оңтүстік", "Орталық-Батыс" дәлізінің, Талдықорған-Өскемен учаскесінің барлық бойында жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша 641 шақырымға қозғалыс ашу жоспарлануда.

Бұдан басқа, транзиттік әлеуетті дамыту үшін келесі жылдан бастап МЖӘ схемасы бойынша Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталады, бұл жүктерді жеткізу мерзімін орташа есеппен 2 тәулікке қысқартуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы