Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында Қазақстанда көпбалалы отбасыларға баспана беру жұмыстары басталды.
Биыл мамыр айында жалпы елімізде 2019 жылға жоспарланған 6 мың көпбалалы отбасының 1,2 мыңын баспанамен қамтамасыз ету көзделген.
Еліміздің түрлі өңірінен 249 көпбалалы отбасы 1 мамыр күні — Қазақстан халқының бірлігі күні көптен күткен баспаналарына ие болды.
Жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда 32 мың көпбалалы отбасы баспана алуға кезекте тұр.
Көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндеттердің іске асырылу барысы ҚР Үкіметінің ерекше бақылауына алынған.