Қазақстанда биылдан бастап онлайн-сақтандыру енгізілді – Ханин

29 Қаңтар 2019, 15:32
2630
Бөлісу:
Қазақстанда биылдан бастап онлайн-сақтандыру енгізілді – Ханин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда онлайн-сақтандыру енгізілді, бұл көлік иелері үшін тиімді болмақ. Бұл жайында “Коммеск-өмір” сақтандыру компаниясы АҚ басқарма төрағасы Олег Ханин Алматыда өткен брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, бұл соңғы жылдары сақтандыру нарығына енгізілген ең ауқымды технологиялық жаңалық болып отыр.

«Қазіргі кезде бейімделу кезеңі өтіп жатыр, онлайн-режимде мәліметтер базаларымен сәйкестендіру барысында кемшіліктер мен өзекті мәселелер сұрыпталып, қалыпқа келтіріліп, бір ізге түсірілуде. Алғашқы жыл болғандықтан онлайн-сақтандырудың жалпы көлемдегі үлесі 3-5% аспайды, дегенімен барлығы келешекте онлайнға ауа бастайды»,-дейді О. Ханин.

Жыл басынан бері «Коммеск-өмір» сақтандыру компаниясында 2 млн теңгеге онлайн-сақтандыру жасалған. Сонымен қатар, бұл бағытта Алматы мен Астана алда келе жатыр екен. 

«Көрші Ресей мен Украинада онлайн-сақтандыру бұрыннан бар және оны жетілдіру үстінде. Кеште болса бізде соған көшудеміз. Иә, бастапқыда онлайн-сақтандыру жасайтындар қарасы аз болады. Дегенімен бізде бір ай ішінде онлайн-сақтандыру жасағандар бар, бұл қуантарлық жайт. Сонымен қатар, көлік иелеріне сақтандыруды өзімен бірге алып жүрудің енді қажеті жоқ, барлығы біріктірілген орталық базада тіркеліп тұрады. Кезінде әуе билеттерін де онлайн сату басталғанда көпшілігіміз үйренісе алмаған едік. Қазір жолаушылар билеттерді онлайн алып үйренді. Бұл да сол сияқты, уақыт өте онлайн-сақтандыру да қалыпты жағдайға айналады», - дейді басқарма төрағасы.

«Коммеск-өмір» сайтында Е-полисті толтырудан басқа онлайн-реттеуде бар екен. Яғни, келісім-шартты қайта рәсімдеу, шартты бұзу, сақтандыру оқиғасы туралы хабарлама жолдау, келтірілген зақым көлемін анықтау, сақтандыру төлемін алу үшін электронды пішінде құжаттар жіберуге болады.
Әділет Мұсахаев 
Өзгелердің жаңалығы