Қазақстанда алғашқы трансферлік терезе ашылды

<h4>Астана, baq.kz. Бүгін 11 қаңтарда Қазақстан чемпионатында алғашқы трансферлік терезе ашылды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.&nbsp;</h4>

11 Қаңтар 2019 2019, 10:23
 11 Қаңтар 2019 2019, 10:23
11 Қаңтар 2019 2019, 10:23
2500

Астана, baq.kz. Бүгін 11 қаңтарда Қазақстан чемпионатында алғашқы трансферлік терезе ашылды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. 

Футболшылардың ауысуын тіркейтін FIFA TMS жүйесіндегі мәліметтер бойынша клубтар жаңа футболшыларды 3 сәуірге дейін қосымша тіркей алады. Қазақстан Премьер лигасындағы жаздағы трансферлік терезе 3-31 шілде аралығында ашылады.  

Қазіргі таңда ҚПЛ клубтарының көп бөлігі алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Чемпионат наурыз айының басында басталады. 

Еске сала кетсек, 2018 жылы «Астана» футбол клубы бесінше рет Қазақстан чемпионы атанған болатын.
Наверх