Қазақстанда 70 мыңнан астам адамнан коронавирусқа байланысты сынақ алынды

15 Сәуір 2020, 20:49
1401
Бөлісу:
Қазақстанда 70 мыңнан астам адамнан коронавирусқа байланысты сынақ алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева елімізде коронавирусты қалай тексеріп жатқандығы туралы айтты.

Оның айтуынша, тестілеу 19 зертханада өткізіледі. Аппараттың шамасы күніне шамамен 6 мың сынақ жасауға жетеді. 70 мыңнан астам сынақ өткізілді.
Бұл коронавирус инфекциясы анықталған бір пациентке орташа есеппен 80 сынақ жасалғанын көрсетеді. Осыған байланысты инфекцияның шарықтау шегіне жеткен кезде жаппай тестілеуді бастау қажет. Бұл үшін 3 жылжымалы, 4 стационарлық зертханалар орналастырылған. Сонымен қатар, елорда мен Алматыда "Олимп" зертханаларын іске қосу жоспарланып отыр, - деді вице-министр.
 Сынақтарды өткізу және жасырын ошақтарды анықтау үшін тестілеу саны күніне 10 мыңға дейін көбейеді.
Бұл жедел респираторлық инфекциялармен ауыратын науқастар, медицина қызметкерлері, адам өмірін қамтамасыз ету нысандары, яғни әлеуметтік мекемелер, коммуналдық қызметтер, азық-түлік дүкендері, - деді Ләззат Ақтаеава.
 
Сонымен қатар, қазіргі кезде белсенді жедел тестілеу басталды.
 
Бүгінгі таңда 8 722 экспресс-тестілеу өткізілді.  Олардың 889-ы көлік өткізу пункттерінде, 6 809-ы медициналық ұйымдарда және 1025-і Нұр-Сұлтан мен Алматы зертханаларында.  Тестілеу барысында 145 адамнан инфекциясы жұқтырғаны анықталды, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы