Қазақстанда 4 журналист вирус жұқтырған

29 Сәуір 2020, 18:06
1544
Бөлісу:
Қазақстанда 4 журналист вирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Facebоок парақшасында өткен тікелей эфир барысында мәлімдеді.

Журналистер вирусты  науқастармен қарым-қатынас кезінде жұқтырған. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, - деді ол.
Бас санитар вирус салдарынан қаза болғандардың қалай анықталатынына тоқталды. 
Бүгінде өкінішке қарай, елімізде коронавирус індетінен 25 адам қаза тапты. Тәжірибе көрсеткендей, қаза тапқандардың барлығының онкологияға қатысты, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары сияқты қосымша  аурулары болған. Бұл жерде адамның қазасы тікелей коронавирустан болды ма, әлде қосымша дерт әсер етті ме, сол маңызды. Әр адамның қайтыс болу себебін анықтау үшін әр өңірде арнайы комиссия құрылған. Сондықтан,  вирус салдарынан қаза болғандардың бұған дейін қандай аурумен ауырғаны, вирус жұқтырған кездегі жағдайы ескеріле отырып, оның нақты неден қаза болғаны анықталады, - деді Айжан Есмағамбетова.
Айта кетейік, бас санитар мамырдың соңында вирус жұқтырғандар саны 5 300-ге жетуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы