Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында әуекомпаниялардың табысы 16,4% өсіп, 369,2 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Сондай-ақ, әуекомпаниялар қаңтар-қараша аралығында 7,9 млн адамды тасымалдаған, бұл өткен жылғы осы аралықпен салыстырғанда 7,5% жоғары. Бұл жолаушылар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш болып отыр.
Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің мәіметінше, Қазақстан әуежайлары 10 ай ішінде 14,8 млн адамға қызмет көрсеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 16 млн адамға жетеді деп күтілуде.