Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түрік Республикасының Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары – Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы Исмаил Демирмен кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында хабарланды.
Бейнеконференция режиміндегі әңгіме барысында әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері айтылды.
Сонымен қатар Қазақстанда медициналық бұйымдар өндірісін ұйымдастыру жайы талқыланған.