Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Алматы облысындағы "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығында (AIBA спорттық базасы деп те аталады) өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындарын мерзімінен бұрын тоқтатты.
Бұл туралы Karimzhan Live Telegram-арнасында хабарланды.
Аталған ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, команданың 15 мүшесінен коронавирус инфекциясының белгілері анықталған. Бұл спортшылар оқу-жаттығу жиыны өткізілген базада оқшауланған. Спортшылардың аты аталмағанымен, олардан коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі табылғаны айтылады.
Сонымен қатар, Коронавирусқа тапсырған тесті терс нәтиже көрсеткен спортшылардың базадан кетіп, үйіне қайтуына рұқсат етілді.