Қазақстан Орталық Азия мен Еуропаға бензин экспорттайды – министр

21 Маусым 2019, 12:15
1916
Бөлісу:
Қазақстан Орталық Азия мен Еуропаға бензин экспорттайды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі.Қазақстан Орталық Азия мен Еуропаға алғашқы бензин экспортын бастайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. 


«Маусым айынан бастап, бензин экспорты үшін барлық жағдай жасалды. Бұл процесс келесі апта басталатын шығар деп үміттенемін», - деді Бозымбаев.

Мамыр айында Беларусь және Қырғызстан президенттері Қазақстанның мұнайы мен мұнай өнәмдеріне қызығушылық танытқан болатын. Министр қазіргі кезде бұл елдерге безин экспорттау бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

«Беларусь Президенті Александр Лукашенко осындай ұсыныс жасағанын растаймын. Ол елдің үкімет мүшелерімен тиісті екіжақты келіссөздерді өткіздік. Жалпы, мұндай келіссөздер әлі алда. Біздің бензинді тіпті Еуразиялық одаққа қатысы жоқ елдер алуы мүмкін. Негізінен Орталық Азия мен Еуропа елдері», - деді ол. 

Жалпы, жылына АИ-92 бензинінің 60-70 мың тоннасы, АИ-95 бензинінің 10-15 тоннасы экспортталады деп күтілуде.



Өзгелердің жаңалығы