Қазақстан мен Әзербайжан Энергетика министрлері ОПЕК+ келісімін талқылады

27 Тамыз 2020, 20:48
1414
Бөлісу:
Қазақстан мен Әзербайжан Энергетика министрлері ОПЕК+ келісімін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 2020 жылғы 27 тамызда алдағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының дайындық мәселелерін талқылау үшін Энергетика министрі Н.Ноғаевтың және Әзербайжан Энергетика министрі П.Шахбазовтың бейнеконференция форматында тілдесуі өтті. Бұл туралы ЭМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты тараптар үкіметаралық комиссияны ағымдағы жылғы қазан айында бейнеконференция форматында өткізуге келісті.

Сонымен қатар, тілдесу барысында тараптар Қазақстан мен Әзербайжанның ОПЕК+ аясында жүргізіліп жатқан жұмысын талқылады. Бүгінгі таңда ОПЕК+ келісіміне қатысушылар қабылдаған шаралардың арқасында мұнай бағасының өзгеруі мен сұраныс және ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру бойынша оң динамика байқалады.

 

 

Өзгелердің жаңалығы