Қазақстан мен Қырғызстанның СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

13 Сәуір 2020, 18:50
1319
Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғызстанның СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қырғыз тарапының бастамасы бойынша ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Аймақта COVID-19 коронавирустық індеттің таралуына қарсы әрекет ету, сондай-ақ Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттерінің өткізу қабілетін сақтау бойынша екі елдің қабылдап жатқан шаралары талқыланды. Алдағы вегетациялық кезең қарсаңында Киров су қоймасынан және Нарын-Сырдария ГЭС каскадынан суды үздіксіз өткізу бөлігінде жоғары деңгейдегі бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы іске асыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды, – делінген хабарламада.

Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан тарапына 5 мың тонна бидай ұнын жеткізу бойынша гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағаны үшін шынайы алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы