Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша шарт ратификацияланды

8 Қазан 2020, 11:08
1384
Бөлісу:
Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша шарт ратификацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов «Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды.

Осы шартпен екі ел арасындағы қылмыстық құқық бойынша келісімдердің толық пакетті дайындалады. 2000 жылы Украина мен Қазақстан арасындағы  соттағы адамдарды беру туралы ратификация жасалды. Қазір екі ел арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек 1993 жылғы Минск конвенциясына сәйкес жүзеге асырылады. Алайда аталған конвенцияға қол қойылған уақыттан бері заңнама мен сот-тергеу тәжірибесі өзгерді. Украинада көптеген өзгерістер бар, - дейді Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, конвенция мен ұсынылып отырған шарт арасында ешқандай қайшылық жоқ. 

Керісінше олар бір-бірін толықтырады, біраз норманы нақтылайды. Шарт күдікті мен айыптының кінәсін дәлелдеуге бағытталған кешенді процессулдық әрекеттерді жүргізуді қарастырады. Құжат екі елдің құзырлы органдарына күдікті мен айыпталушының кінәсін дәлелдеу бойынша кешенді тергеу жасауға құқық береді.Ол күзетпен ұстап отырған адамдарды уақытша беру,тінту, тәркілеу амалдарын қамтиды, - дейді бас прокурордың орынбасары.

Мұндай екіжақты шарт 27 елмен бар екен.Сенат депутаттары аталған құжатты талқылаудан кейін қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы