Қазақстан мен Ресей президенттеріне бірқатар бірлескен жоба таныстырылды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі елдің шекара маңы аумағының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. </p> <p> &nbsp; </p>

 7 Қараша 2019 2019, 23:55
7 Қараша 2019 2019, 23:55
1799

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі елдің шекара маңы аумағының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттерге дайын инвестициялық жобалардың пулы ұсынылды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы көрсетілді. Жол картасына сәйкес бес жыл ішінде 40-тан астам автомобиль және темір жолдардағы өткізу бекеттері толықтай жабдықталады.

 

Наверх