Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті ынтымақтастық мәселелерін талқылады

21 Желтоқсан 2019, 01:41
10753
Бөлісу:
Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігінің басшысы, дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Жан Жером Касабянканы қабылдады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ алдағы бірқатар байланыстар мен іс-шаралар талқыланды. Гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, Қазақстан мен ХҚКК арасындағы тығыз және сенімді диалогқа өзара қызығушылық білдірілді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары ХҚКК өңірлік өкілдігінің басшысына Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді және жаңа қызметінде табыстар тіледі.

Өзгелердің жаңалығы