Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр – Цой

10 Қыркүйек 2020, 12:39
1400
Бөлісу:
Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталды. 

Бүгінде Қазақстандағы коронавирус жағдайы тұрақты. Елдегі вирус жұқтыру және өлім-жітім көрсеткіштері біртіндеп төмендеп келе жатқанын көріп отырмыз.  Жағдай күн санап жақсаруда. Осыған қарамастан, біз көрші елдер мен жалпы әлемдегі жағдайды бақылаудамыз. Қазіргі таңда Еуропа аумағында – Италия, Испания, Германия, Түркия және Оңтүстік Корея елдерінде вирустың күрт өсім байқалады. Ал ТМД елдері бойынша вирус жұқтырудың орташа деңгейі 0,5%-ды құрап отыр. Бұл Қазақстандағы жағдайға қарағанда 5 есеге жоғары. Жағдай бізді алаңдатпай қоймайды. Сондықтан, Қазақстан да өзге елдер сияқты болуы мүмкін коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр, - деді ол.

Алексей Цой брифинг барысында елімізде 13 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жоспарланғанын айтты.
Ел бойынша медициналық мекемелерде 71 126 төсек-орын орналастыру жоспарланып отыр, қазіргі уақытта олардың  саны 10 257-ді құрайды. Төсек-орын қорының 15% -ы коронавируспен немесе коронавирустық пневмониямен ауырып жатқан науқастармен қамтылған. Біз шамамен 13 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын жоспарладық. Екі ірі клиника қайта қалпына келтіру кезеңінде. Азаматтар үшін емхана деңгейіндегі 3 640 мобильді бригада ұйымдастырылды. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымға 5 098  өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты жеткізіледі. 21 566 төсек оттегімен қамтамасыз етіледі, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы