Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті

23 Шілде 2019, 19:31
1889
Бөлісу:
Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясының уәкілетті мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен кеңейтілген отырысы және отандық өндірушілердің крафт-өнімдері көрмесі өтті. 


Аталған іс-шарада ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы желісі бойынша шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ҚХА шетелдік достарының клубын құру және ҚХА Кәсіпкер-өкілдерін шет елдермен екіжақты іскерлік кеңестерге қосу барысы туралы, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы қызметін сапалы жаңа деңгейге шығару, оның құрамын бизнес-қоғамдастықтың жетекші өкілдерімен күшейту жөніндегі шаралар туралы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 15 шілдедегі ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтқан «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы мәселелер қаралды.
20190723_180751.jpg

«ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру міндеттерін шешу бағытында тұрақты жұмыс істейді. Біздің мақсатымыз – «қарапайым заттар экономикасы» мен шағын және орта бизнесті дамыту. Бұл нақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп, әлеуметтік мәселелерді шешеді. Бүгінде қауымдастық бизнесті дамыту институтына дейін өсті. Ол 200 астам кәсіпорындар мен бизнес-бірлестіктерді біріктіреді. Барлық өңірлерде өңірлік өкілдіктер құрылды. Нұр-сұлтан қаласында бірыңғай фронт-кеңсе ашылды. Виртуалды алаң форматында бизнес-инкубатор және импорт алмастыру және кооперация орталығы жұмыс істейді. Жастарға көмек көрсету үшін жастар стартаптары мен бизнес-идеяларды іріктеу мақсатында сараптамалық кеңес құрылып,  «Жастар кәсіпкерлігі – жалпыға ортақ инновация» қауымдастығының Жас кәсіпкерлер кеңесінің жұмысы ұйымдастырылды», - деді ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев.

Ол Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерілген мәселелерге назар аударды. 
20190723162311_0Z9A7217 (1).JPG

«Президент «қарапайым заттар экономикасының» әлеуетін толыққанды пайдалану қажет екенін атап өтті. Осы уақытқа дейін жиһаз, тамақ, тоқыма, құрылыс салалары кеңінен дамымаған. Бұл өнімді жұмыспен қамту мен экономиканы құрылымдық әртараптандыру міндеттерін бір мезгілде шешетін еңбек көп жұмсалатын секторлар. Осы мақсатта 600 млрд теңге қарастырылып, барлығы 41 млрд теңге сомасында 92 жоба мақұлданды. Мемлекеттік қолдаудың 559 млрд теңгесі сіздің ұсыныстарыңызды күтуде. Осылай сізге көмектесеміз. Сонымен қатар, отандық кәсіпкерлерге тікелей қатысты ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді», - деді  ол.

Түймебаев отырысты қорытындылап, әріптестерінен бірнеше мәселеге назар аударуды сұрады.  
20190723_180828.jpg

«Бірінші, бір ай мерзімде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА ХХVII сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірлесін. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар, мекемелерге, ведомстволар және қоғамдық бірлестіктерге өз ұсыныстарын 1 тамызға дейін ұсынуын сұраймын. Сыртқы істер, Ұлттық экономика министрлері Елбасы тапсырмаларын орындауға және кәсіпкерлер қауымдастығымен жұмыс істеуге министрдің орынбасарынан төмен емес дербес жауапты лауазымды тұлғаны анықтасын. Ол осы жұмыстардың барлығы республикалық деңгейде ғана атқарылмау керек екенін айтты. 
«Кәсіпкерлер қауымдастығы өңірлерде белсенді жұмыс істеуі тиіс. Онда біздің қолдау мен назарымызды талап ететін жобалар жетерлік. Сондықтан қыркүйектің бірінші онкүндігінде барлық өңірлердің қатысуымен Кәсіпкерлер қауымдастығының республикалық кеңесін өткізуді сұраймын», - деді төраға орынбасары. 

Шара соңында Түймебаев Ассамблеяның Кәсіпкерлер қауымдастығының жұмысына үлес қосқан кәсіпкерлерге алғыс хаттар мен «Мейірім» естелік белгісін табыстады



Өзгелердің жаңалығы