Қазақстан ипотекалық компаниясының жаңа тәуелсіз директоры тағайындалды

18 Наурыз 2019, 11:18
3371
Бөлісу:
Қазақстан ипотекалық компаниясының жаңа тәуелсіз директоры тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ның Директорлар кеңесі құрамында өзгерістер орын алды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«13 наурызда «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ жалғыз акционерінің («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) шешімі бойынша, Директорлар кеңесінің мүшесі Яцека Бжезинскидің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Жаңа тәуелсіз директор мен Директорлар кеңесінің мүшесі болып Асқар Елемесов тағайындалды», - делінген хабарламада.

Асқар Раушанұлы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономикалық факультетін және Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетін «Іскери әкімшілендіру» бағыты бойынша тәмамдаған. 

Әртүрлі жылдары басшы және жетекші қызметтерін атқарған, қаржылық қызметтер көрсету саласында 25 жыл табысты жұмыс істеген. 2004 -2006 жылдары арасында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Өзгелердің жаңалығы