Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан ет пен сүт өнімдерін өндіруде Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында көш бастап тұр. Бұл туралы LS басылымы хабарлады.
Елімізде 2019 жылдың қаңтар-шілде аралығында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері өткен жылға қарағанда 3,5% артқан. Ресейдің көрсеткіші 2,5%, Қырғызстанда 1,9%, Беларусияда – 5,6%. Ал Арменияда керісінше ауыл шаруашылық өнімдерінің өсімі 6,5%-ға төмендеп кеткен. Мұны Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтері айғақтап отыр.Еліміздің ауыл шаруашылық өнімдері ішінде әсіресе сүт, ет және тауық етін өндіру мөлшері айтарлықтай өскен. 2019 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 989,9 мың ет пен тауық еті өндірілген, бұл өткен жылға қарағанда 4,6% жоғары.
Аталған мәлімет бойынша, Қазақстан ет өндіруде ЕЭО елдерінің бәрін басып озған. Ресейде ет өндірісі 1,2% өссе, Қырғызстанда 1,6% артқан. Алайда Беларусия мен Арменияда 2,2% және 4,1% төмендегені байқалады.
Қазақстан сонымен қатар сүт өндірісі бойынша да Одақ ішінде көш бастады. Еліміз жарты жылда 3,5 млн тонна сүт өндірген, бұл 2018 жылға қарағанда 3,2% жоғары.