Қазақстан экономиканың энергетикалық тиімділігін арттырады

7 Қыркүйек 2019, 00:48
1868
Бөлісу:
Қазақстан экономиканың энергетикалық тиімділігін арттырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен хабарлады. 

Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметтері бойынша, Қазақстан экономикасы әлемдегі ең көп энергияны қажетсінетін елдердің  бірі болып қалуда. Бүгінгі таңда біздің еліміз 147 елдің ішінде 119-орында тұр және ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен 3,5 есе жоғары (2010 жылғы бағамен мың долларға 0,12 тонна мұнай баламасы).

Негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілген энергия аудитінің нәтижелері бойынша елдегі энергия үнемдеудің орташа әлеуеті 10% деңгейінде анықталды, энергияны үнемдеу бюджеттік секторда 40%- ға жетуі мүмкін. Осы әлеуетті іске асыру үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі энергия тиімділігі саласындағы негізгі құжат бойынша жұмысты аяқтады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін өзгерістер жобасының тұжырымдамасы бекітілген және тиісті заң жобасының негізіне алынды. Мемлекеттік энергетикалық тізілімді, энергия аудиті жүйесін жетілдіру, өнеркәсіптік жабдықтар мен тұрмыстық құралдардың энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды енгізу және басқа да шаралар сияқты заңнамалық өзгерістер ел экономикасының энергия сыйымдылығын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

БҰҰДБ мәліметтері бойынша Қазақстанда электр энергиясының негізгі тұтынушысы электр қозғалтқыштар мен трансформаторлар, ал тұрмыста – тоңазытқыштар мен кондиционерлер болып табылады. 2015 жылы Қазақстанда тоңазытқыштар мен салқындатқыштарды, қозғалтқыштар мен трансформаторларды пайдалану кезінде электр энергиясын тұтыну шамамен 40 ТВтч құрады.

Энергия үнемдеуді ынталандыру бойынша шаралар шеңберінде 2019 жылғы қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында дисконттық бағдарлама іске қосылды. Ол ескі тұрмыстық техниканы әрі қарай кәдеге жарату үшін арнайы қызметке тегін тапсыруға және арнайы сертификат алуға мүмкіндік береді. "Технодом" және "Мечта"дүкендер желісінде жаңа энерготиімді тоңазытқышты сатып алу кезінде сатып алушылар жеңілдікпен пайдалана алады.

Осылайша, бағдарламаны табысты іске асыру энергиялық тиімді техника мен жабдықтарға жеңілдіктер тәжірибесін жалғастыру үшін корпоративтік капиталды (Bosch, LG) тартуға мүмкіндік берді. Бағдарламаның екінші фазасы аясында (2019 жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасына дейін) қазақстандықтар 16 500 теңге номиналымен 2 500 сертификатты пайдалана алады, сондай-ақ ірі электрондық және электр жабдықтарын өндірушілерден қосымша жеңілдік ала алады.



Өзгелердің жаңалығы