Қазақстан дипломаттары Ресейде Абайды еске алды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дипломаттар Абайдың 175 жылдығын Ресей астанасында атап өтті. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 10 Тамыз 2020 2020, 20:41
10 Тамыз 2020 2020, 20:41
2129

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дипломаттар Абайдың 175 жылдығын Ресей астанасында атап өтті. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.


Дипломатиялық миссияның жетекшісі Ермек Көшербаев бастаған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің өкілдері, сондай-ақ Мәскеудегі қазақ мәдениеті қоғамдарының өкілдері Мәскеудегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, елшілік қызметкерлері Абайдың қара сөздерін  оқып, әйгілі "Желсіз тунде жарық ай" әнін шырқады.


 

Наверх