Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Ресми қабылданған шешімге сәйкес, футзалдан ұлттық чемпионат 2020 жылдың 12 наурызындағы турнирлік кестемен аяқталды, деп хабарлайды ҚФФ.
ҚФФ Атқарушы комитетінің шешімінің негіздері:
- санитариялық-эпидемиологиялық карантин шаралары жалғасып, жабық спорт нысандарында жарыс ұйымдастыруға тыйым салынған;
- жарыстың ойындарының 70 пайызы өтуіне байланысты футзалдан Қазақстан Республикасы Чемпионаты аяқталды.
- футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасына қатысатын қазақстандық командаларды анықтау және турнирге қатысу үшін өтініш жіберудің қажеттілігі.
Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі жақын арада тартылады. Қазақстандық командалар өтініш құжаттарын тапсыруы тиіс. Жабық ғимаратта өтетін жарыстарға қатаң тыйым салынуына байланысты чемпионатты аяқтау мүмкін емес. Қазақстан футбол федерациясы ұлттық чемпионатқа қатысушылардың қолдауын ескеріп, қазіргі жағдайдың нәтижелері бойынша аяқтауға шешім қабылдады. Ең мықты қазақстандық футзал клубтарына халықаралық аренаға қайта шығуға мүмкіндік алады, - дейді Қазақстан футбол федерациясы Футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев.Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі 2020 жылдың 2 қыркүйегінде тартылады. Алдын-ала ріктеу кезеңі 2020 жылдың 13-18 қазан аралығында өтеді. Негізгі іріктеу кезеңі 22-29 қараша аралығында өтеді.
Ұлттық чемпионаттың қорытынды нәтижелеріне сәйкес, футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасында ел намысын "Қайрат" пен "Ақтөбе" қорғайды.
УЕФА штаб-пәтерінде өтетін жеребе тарту рәсімінде ойындардық қай жерде болатыны анықталады.