Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның жылдық инфляциясы Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең жоғары деңгейді сақтап қалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
2019 жылдың қыркүйегінде елдегі баға 2018 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 5,3%-ға өсті. Осыған ұқсас өсім Беларусьте де тіркелді, оны Одақтың статистикалық деректері куәландырады.
Сонымен қатар Ресейде жылдық инфляция 4%-ды, Қырғызстанда – 2,3%-ды, Арменияда — 0,5%-ды құрады.
Қазақстан азық-түліктің қымбаттауы бойынша да ЕАЭО-ның барлық елдерін басып озды — жыл ішінде 9,1%-ға артты. Ал Ресейде тауарлар 4,6%-ға, Беларусьте – 5,8%-ға, Қырғызстанда — 4,1%-ға қымбаттады. Бұл ретте Арменияда, керісінше, 0,8%-ға арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардағы инфляция да Қазақстанда ең жоғары болды — 5,4%. Ресейде — 3,4%, Беларусьте — 3,5%, Қырғызстанда – 1% және Арменияда – 2,4%.
Жалпы, ЕАЭО-дағы жылдық инфляция 4,1%-ды құрады.