Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт комитетінің төрағасы – ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының бастығы Айталап Қорғамбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы спорт комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл бүгін Алматы қаласында өткен комитет отырысында белгілі болды. Аталған спорт комитеті 1999 жылы наурызда жұмысын бастады және ынтымақтастыққа қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштерінде дене шынықтыру дайындығы мен спортты дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді. Орган өз құзыреті шегінде мамандармен, ғылыми, әдістемелік және басқа да материалдармен өзара алмасу мәселелерінде спорт комитеттерінің өзара іс-қимылын, бірлескен спорттық іс-шаралар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, дене шынықтыру және спорт саласындағы келісімдер мен басқа да құжаттарды жүргізуді үйлестіреді.
Бұдан басқа комитет ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесін дене шынықтыру дайындығы мен спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпараттық-талдау және өзге де мағлұматтармен қамтамасыз етіп, бірлескен шешімдер мен жобалардың нәтижелері мен қорытындыларын қарайды.