Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы Қазақстан 12,4 трлн теңгеге шикі мұнай мен табиғи газ өндірді. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды.

2018 жылы Қазақстан 12,4 трлн теңгеге шикі мұнай мен табиғи газ өндірді. Бқл көрсеткіш 4,8% артқан.

Соның ішінде, 12,2 трлн теңгеге шикі мұнай өндірілсе, 202,7 млрд теңгеге табиғи газ өндірілген.

Сонымен қатар, 859,2 млрд теңгеге мұнай өнімдері шығарылған. Мұндай өсім 8,8% құрап отыр.

Заттай көріністе бір жыл ішінде шикі мұнай өндіру 77,5 млн тоннаны (өсім 6,3%), газ конденсатында 12,8 млн тоннаны (қысқару 3,1%), табиғи газда 55,5 млрд текше метрді (өсім 5%) құрады.

Мұнайды қайта өңдеуші зауыттар 2018 жылы 4 млн тонна бенизн (өсім 29,8%), 388,3 мың тонна керосин (өсім 29,4%), 4,6 млн тонна газойль (өсім 7,4%) және 2,9 млн тонна мазут (өсім 12,9%) шығарған.