Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Айыппұлдан қашқан жүргізуші көлігінен айырылды

3 Шілде 2025, 12:12
1062
Бөлісу:
 Абай облысының ПД баспасөз қызметі
Фото: Абай облысының ПД баспасөз қызметі

Абай облысында жол ережесін бұзып, айыппұл төлемеу үшін көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Семей қаласында полиция қызметкерлері Lexus маркалы көлікке тіркелмеген мемлекеттік нөмірдің тағылғанын анықтады. Құқықбұзушылық "Қорғау" бейнебақылау жүйесі арқылы тіркелген. 

Тексеру барысында көлік иесінің 39 жастағы ер адамның бұған дейін де бірнеше рет жол ережесін бұзып, әкімшілік айыппұл салынғаны және оларды өтеуден жалтарғаны белгілі болды. Жүргізушінің көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылып, жалған нөмір тәркіленді, - деп жазылған полиция хабарламасында.

Абай облысының Полиция департаменті азаматтарға жалған мемлекеттік нөмірлерді қолдану заңды өрескел бұзу екенін ескертеді. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жаза қарастырылған, ал кейбір жағдайда қылмыстық жауапкершілік те туындайды. 

Еске салайық, бұған дейін "жолаушылар" жүргізушіні белдікпен қылқындырып, машинасын тартып алғанын жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы