Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Айыппұлдан қашқан жүргізуші айласын асырмақ болды

16 Шілде 2025, 12:22
664
Бөлісу:
 ПД баспасөз қызметі
VIDEO
Фото: ПД баспасөз қызметі

Астанада Hyundai көлігінің жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірін қағазбен жауып, камерадан жасырынбақ болған. Алайда ол полицейлерден қашып құтыла алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республика даңғылы бойында полиция қызметкерлері Hyundai көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында оның мемлекеттік тіркеу нөмірі қағазбен жартылай жабылғаны анықталды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзған жағдайда автоматты тіркеу камераларынан жалтару және ақылы автотұрақтарда төлем жасамау үшін осындай қулыққа барған.

Мемлекеттік нөмірлік белгіні әдейі бұрмалау немесе жартылай жасыру жалған нөмірлік белгіні қолданумен тең деп танылады және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен жүргізуші бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, екі тәулікке қамауға алынды. Автокөлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды, - делінген Астана қаласының ПД хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін айыппұлдан қашқан жүргізуші көлігінен айырылған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы