Қайыңды көліне баратын жолды жасауға қаржы бөлінеді

23 Желтоқсан 2019, 11:34
3047
Бөлісу:
Қайыңды көліне баратын жолды жасауға қаржы бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Қайыңды көлінің жолын жасауға қаржы бөлінеді. Бұл туралы Алматы обылсының әкімі Амандық Баталов ұлттық табиғи саябақтардың базасында экотуризмді дамыту мәселелеріне арналған кездесуде айтты, деп жазады 7kun.kz.

Айта кетейік, облыс әкімі Амандық Баталов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаевты, Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Өркен Бисақаевті және "Култау" ЖШС құрылтайшысы Александр Гужавинді қабылдаған.

Кездесуде облыс әкімі өңірде туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, инфрақұрылымды дамыту шараларының арқасында Алакөл, Көлсай көлдеріне, Шарын шатқалына келушілер қатарының артқанын айтты. Амандық Баталов сондай-ақ алдағы жылы Қайыңды көліне баратын жолға қаржы бөлінетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы