Өзбек бақылаушылары оңтүстікте жүр – Нұрия Айтжанова

8 Маусым 2019, 13:44
2243
Бөлісу:
Өзбек бақылаушылары оңтүстікте жүр – Нұрия Айтжанова

Нұр-Сұлтан, BAQ.kz тілшісі. Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауына келген өзбекстандық байқаушылардың басым көпшілігі еліміздің оңтүстік өңірлерінде шоғырланған. 

Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Олий  мәжілісі заң шығарушы палатасының  депутаты, шет мемлекеттердің Орталық сайлау комиссиясы байқаушылар делегациясының өкілі Нүрия Айтжанова айтты. 

"Қазақстандағы сайлауға Өзбекстаннан 54 байқаушы келді. Оның ішінде 20-дан астамы Қазақстанның оңтүстік аймағында өтетін сайлауларды бақылайды", - дейді ол.

Өзбекстандық бақылаушы сонымен қатар күні ертең өтетін сайлаудың дайындығы туралы айтып өтті.

"Біз қазір Нұр-Сұлтан қаласындамыз. Сайлауды өткізуге көп жұмыс істелінгені байқалып тұр. Екі айдың ішінде барлық кандидаттарға БАҚ арқылы үгіт-насихат жүргізуге, халықпен кездесуге бірдей мүмкіндік жасалған. Сайлау учаскелері, стендтер мен сайлау бюллетеньдері ұйымдастырылған. Мұның бәрі жоғары деңгейде, ауқымды көлемде жасалған», - дейді Айтжанова.

Естеріңізде болса, бұған дейін Түркістан облысында 65 шетелдік бақылаушы жұмыс істеп жатқанын айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы