Әйтенов Шымкент халқы қаншаға жеткенін айтты

24 Тамыз 2021, 10:11
3468
Бөлісу:
Әйтенов Шымкент халқы қаншаға жеткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында айтты.

Санақтың бірінші кезеңінде 29 нұсқаушы-бақылаушы мен 198 интервюьтер 1,5 айға тартылып, елді мекендерді аралап үй-жайлардың тізімін жасақтады. Санақтың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Шымкент қаласының халық саны 1 002 720 млн адамды құрады. Биылғы 1 маусымдағы мәліметтерге 90 464 адамға жетпеді. Бұл жаз айындағы демалысқа байланысты болып отыр, - деді ол.

Әйтенов айтқандай, санақтың екінші кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр.

Санақ персоналдарын үй-жайларымен қамтамасыз ету бойынша 155 нұсқаушы-учаске белгіленіп, олар жиһаз бен құрал-сайманмен жабдықталды. Қала аумағында ақпараттық парақшалар таратылды. Халық санағын екінші кезеңін өткізу жұмыстарына Шымкент қаласы толық дайын, - деді ол.

Осыған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов халық санағына тиісті деңгейде дайындалмай отырған өңірлерді атаған еді. Оның ішінде Шымкент қаласы да болды.

Өзгелердің жаңалығы