Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жемқорлықпен ұсталған орман басшыларына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналист Нысанбаевқа "Ертіс орманы және Семей орман резерватының басшылары жемқорлықпен ұсталды. Осы орайда Экология министрлігі сол азаматтардың бюджетке алып келген шығынын есептеді ме?" деп сұрақ қойды.
Олардың жасаған қылмысына тиісті органдар бағасын берді. Онда пара алу мәселесі бойынша іс қозғалған. Азаматтардың жұмыс істеу кезінде екі мекемеге келтірген залалы анықталмаған. Себебі жұмыста берілген тапсырыстың бәрі орындалған. Ол жағынан азаматтарға қоятын сынымыз жоқ, - деп жауап берді Экология министрі.