Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қалалық №2-ші қалалық балалар ауруханасының жанынан «Ана мен бала» аллеясы ашылды.
Сәбилерге арналған аурухана ауласына 200-ге жуық ағаш отырғызылды. Қасиетті рамазан айында өткен шара мүфтият мамандарының батасымен басталды.
«Елордадан басталған эстафетаны Қауымдастықтың 17 аймақта 17 бөлімшесі қодады. Бүгін, 17 қалада мыңға жуық ағаш отырғызылды. Айтпақшы, көктемде ағаш отырғызу шарасы биыл бірінші рет өтіп жатқан жоқ. 2016 жылдан бері еліміздің түкпір-түкіпірінде 7 мыңнан астам ағаш пен 10 мың гүлзар отырғызылды. Шараның халықаралық «отбасы күнімен» тұспа-тұс келуі бекер емес» - дейді, ұйымдастырушылар.
Бүгінгіні емес болашақа бағытталған бастаманы Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы қолға алған.
«Бұл акция берік жанұя символы іспеттес. Тамырын тереңге жайған ағаш, шаңырағы биік отбасындай ғой. Сондықтан, біз бүгін болашаққа арналған ізгі іс істедік деп есептеймін» - дейді Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева.
Алеяның ашылу салтанаты мен ағаш отырғызуға моңғолиялық танымал бүркітші қыз Айшолпан да қатысты.
«Қазақстанға келгелі бері қоғамдық шараларға жиі араласып жүрмін. Дегенмен «Ана мен балаға» арнап ашылған алеяның ашылу салтанатына қатысып, көшет отырғызу маған қатты ұнады» - дейді бүгінде Елордада білім алып жатқан қандас қарындасымыз.