Тоқаев Айман Мұсақожаеваны қабылдады

<span style="font-weight: 700;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың бюаспасөз қызметі хабарлады.</span>

 1 Шілде 2019 2019, 19:05
1 Шілде 2019 2019, 19:05
1887

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың бюаспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына қазақстандық музыка өнерінің жағдайы, қазіргі кәсіби музыкалық білім беру саласындағы негізгі үдерістер және шығармашылық оқу ордаларын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берілді.

Қазақстан Президенті кадрлардың әлеуетін жетілдіру, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңартып, заман талабына сай жабдықтау қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және сала министрлігіне бірқатар тапсырма берді. 

Наверх