Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Асхат Аймағамбетов айтты.
Еліміздің дамуында жаңа кезең басталды. Бұл – өте жуапты, тарихи кезең. Оны барлығыңыз жақсы түсініп отырсыздар. Жаңа Қазақстанды құру үшін білім мен ғылым саласының орны ерекше. Мемлекет басшысы алдымызға өте ауқымды, маңызды және жауапты міндеттер қойды. Сондай-ақ бұл міндеттер нақты қаржымен бекітілді. Сол себепті барлық мүмкіндік өз қолымызда, - деп атап өтті Аймағамбетов.
Министр атап өткендей, егер қаржы мен мүмкіндіктер болмаса, әр түрлі мәселені көтеріп, сылтау айтуға болушы еді. Сөзінше, қазіргі күні барлық мәселе Мемлекет басшысының тарапынан қолдау тауып, тиісті ресурстармен қамтамасыз етілді.
Жауапты кезеңде бір жұдырықтай жұмылып, жұмысты сапалы орындау қажет, - деп айтты еліміздің бас ұстазы.