Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дәрі-дәрмектердің бағасына қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, басқа да бағытта дәрілер мен медициналық қызметтерге 10 пайыз ҚҚС мен 10 пайыз корпоративтік салық болса, онда бір дегенде 20 пайыз жүктеме болайын деп тұр.
Енді басқа сеткорларды қарасақ, онда 12%-дан 16%-ға сұрақ туғызып жатса, бұл жерде бірден 20 пайыз болайын деп тұр. Осыған байланысты бұл өзгеріс медициналық қызметтердің қымбаттауына әкелуге әбден ықтимал. Әлеуметтік аурулар бойынша дәрі-дәрмекке 0 пайыз деп келісіп отырсақ, басқа аурулар бойынша дәрілерді және медициналық қызметтерге 10 пайыздан 5 пайызға түсіріп, бірақ кезең-кезеңмен оны өсіру мәселесіне қалай қарайсыздар? – деп сұрады Аймағамбетов Жұманғариннен.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің сөзіне қарағанда, ҚҚС тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Себебі Үкіметтік емханалар, ауруханалар және жеке медициналық мекемелердің бәсекеге қабілеттігі бірдей болуы керек.
Ешқандай айырмашылық болмайды. Сіз айтқан аурулардың бәрі ТМККК мен МӘМС ішінде бар. Оларға біздің реформа ешқандай әсер етпейді. Себебі ешқандай салық салынбайды. Дәрі-дәрмектерге қатысты жағдайды білесіздер. 85 пайызы – шетелдік, импорттан келген. Бағаны біз ұстай алмаймыз. Құнының ішінде маркетинг бар, жарнама бар, олар қоса береді. Біз оларды тоқтата алмаймыз. Біз берген жеңілдіктер импортқа және делдалдарға кетеді. Сол себепті осы дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін жасаймыз, оған ешқандай салық қоймаймыз. Қалғандарына 10 пайызға дейін салық болады, - деп жауап берді ол.
Еске салсақ, Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Енді ҚҚС мөлшері қанша болатыны белгілі болды.
Үй жанындағы дүкен иелеріне қорқудың қажеті жоқ, өйткені олар салық төлемейтін болды.
Мәжілісте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин "сән-салтанаты салығы" туралы, сондай-ақ ол ҚҚС бойынша шекті мөлшерді төмендетсек, бюджетке 400 млрд теңге шығын келетінін айтты. Сонымен қатар, Серік Жұманғарин салық реформасынан қанша пайда түсетініне болжам жасады.
Белгілі болғандай, енді кез келген адам ИП аша алмайды. Енді ажырасқандар көп салық төлеуі мүмкін.