Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов техникалық және кәсіптік білім беру ардагерлерін марапаттады.
Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ардагерлерімен кездесу өткізіп, ведомстволық наградаларды табыс еттім.ТжКБ жүйесінің ардагерлері білім беру үдерісін жақсартуға бағытталған көптеген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге атсалысып, жалпы білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін лайықты марапаттарға ие болды, - деп жазды бас ұстаз Facebook-тегі парақшасында.
Аймағамбетов білім беру ардагерлерімен кездесулер маңызды екенін атап өтті.
Білім беру ардагерлерімен кездесулер мен үшін әрдайым маңызды. Өйткені олар құнды тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру процесін жетілдіру үшін өздерінің көзқарастары мен ұсыныстарын айтады. Біз бүгін ТжКБ жүйесіндегі жетістіктерді, өзекті мәселелерді, техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар даярлаудың сапасын жетілдіру бойынша көзделген жоспарларды талқыладық. Біздің ТжКБ жүйесінің білім беру үздіктері – ардагерлерімізге, сондай-ақ бүгін мыңдаған колледж студенттерін оқыта отырып, техникалық және кәсіптік білім беру саласының дамуына күн сайын үлес қосып жүрген колледж педагогтеріне ерен еңбегі үшін алғыс айтамын, - деді Білім министрі Асхат Аймағамбетов.