Аймағамбетов шешімін тапқан мәселелерді атады

Бөлісу:
Аймағамбетов шешімін тапқан мәселелерді атады
Фото: Мәжіліс Баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы балаларға қамқорлық көрсетуге ерекше мән береді. Бұл туралы Мәжілісте депутат Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің “Ұлттық қор – балаларға” жобасы – жай ғана шоттағы қаражат емес, болашаққа жолдама. Енді әрбір бала өз бетінше өмір бастауға қажетті бастапқы капитал алады. Келесі реформаны қарастырайық: 100 мыңнан астам аз қамтылған отбасының балалары алғаш рет балабақшаға бару мүмкіндігіне ие болды. Мемлекеттік балабақшалар тегін болғанымен, ата-аналар айына орта есеппен 20 мың теңге көлемінде тамақтануға ақы төлеуі тиіс, - деді депутат.

Аймағамбетов мысал келтірді: Алуа апай үш баласы үшін айына 60 мың теңге төлеуі керек еді. Бұл оның отбасы үшін өте ауыр жүктеме болғандықтан, балаларын кезекке қоймай, үйде қалдыруға мәжбүр болды.

Президент реформасының арқасында енді мемлекет аз қамтылған отбасылардың балалары үшін балабақшадағы тамақтану шығындарын өз мойнына алды. Соның нәтижесінде Алуа апайдың балалары алғаш рет балабақшаға бара бастады. Тағы бір маңызды өзгеріс: бұған дейін тек Олимпиада жүлдегерлері ғана мемлекеттен қаржылай сыйақы алатын, ал дарынды балалар назардан тыс қалатын. – деп түсіндірді мәжілісмен.

2021 жылдан бастап, енді халықаралық олимпиадаларда, ғылыми және шығармашылық байқауларда жеңіске жеткен дарынды оқушыларға 6 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы беріледі.

Бұдан бөлек, олар ҰБТ мен конкурссыз жоғары оқу орындарына грантқа түсу мүмкіндігіне ие болды және “Болашақ” бағдарламасы арқылы шетелде білім алу құқығына ие.

Президент ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерекше көңіл бөледі.

Осы бағытта:
• Ондеген түзету кабинеттері,
• ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер),
• Аутизмі бар балаларды оңалту және қолдау орталықтары ашылды.

Өзгелердің жаңалығы