Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған мұғалім Мерей Ибрагимовтың отбасына барды.
Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдуалиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған мұғалім Мерей Ибрагимовтың отбасына барды. Ол марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, 26 жастағы педагогтің ата-анасына ержүрек және батыр ер азаматты тәрбиелегені үшін алғыс айтты, - деп жазды ол.
Мерей Ибрагимов 29 мамыр сел тасқыны болған күні Шарын шатқалына экскурсияға барғандардың қатарында болды. Жас мұғалім оқушыларды құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды.
Ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Президенті марқұм Мерей Ибрагимовты «Ерлігі үшін» медалімен қайтыс болғаннан кейін марапаттады.